Астанада жоқ пәтерлерді «жалға берумен» айналысқан алаяқ әйел ұсталды

Жаңалықтар
view 31
news

Астана қаласында жоқ пәтерлерді «жалға берген» алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды janabastau.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданының полицейлері жылжымайтын мүлікпен байланысты алаяқтыққа қатысы бар Павлодар қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтады, 2023 жылғы қарашадан бастап әйел сайтында жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Хабарландырда нарықтық бағадан төмен және пәтер интерьерінің тартымды фотосуреттері көрсетілген.

“Негізінен алаяқтың арбауына тұрғын үйді тәулік бойы жалға алатын қала сыртынан келген азаматтар алданған. Мәселен, полицияға пәтер жалдағаны үшін бейтаныс әйелге 123 мың теңге аударған Алматы тұрғыны жүгінген. Басқа жағдайда жәбірленуші Крыша KZ сайтында пәтерді жалға беру туралы хабарландыруды көрген”, – деп хабарлады полицияда.

Хат алмасу барысында ол жалға берушіге 20 мың теңге көлемінде ақша аударған. Ақша аударғаннан кейін телефон нөмірі бұғатталған. Қазір полицияға 11 азамат арызбен жүгінген. Аталған фактіге қатысты алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қалған жәбірленушілер анықталып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *