Жедел-жәрдем жедел жүрмейді
Әлеумет
3054
Қосшы қалалық Қоғамдық кеңесінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібі бойынша «Қалалық жедел-жәрдем станциясының» жұмысы қаралды.
Жасыратыны жоқ, қала тұрғындарының денсаулық сақтау саласына қатысты айтар арызы көп. Соның бірі – жедел-жәрдем станциясының жұмысына көңілдері толмайды. Алда-жалда біреудің басы ауырып, балтыры сыздай қалса, жедел-жәрдемді лезде шақыртып, алдыра алмайды. Өйткені олардың ескі көліктерді жиі бұзылып, ауырған адамның жөпелдемеде дәрігер көмегіне қол жеткізе қоюы қиын. Сондай-ақ, науқастарды тек қана облыстық аурухана қабылдайды екен. Наразы жұрт отырыста осы және басқа да өзекті мәселелерді көтерді. Жиын соңында Қоғамдық кеңес төрайымы С. Матайбаева жедел-жәрдем станциясында туындап отырған күрделі жағдай бойынша Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына хат жазып, түйткілді мәселелерді шешуді сұрады.https://www.facebook.com/photo.php?fbid=2061301950624736&set=t.100002348544262&type=3
Пікірлер (0)