Қазыналы қарттарымызға құрмет көрсетіледі

Әлеумет
view 3254
news

...

Сейсенбі күні Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов мекеме қызметкерлерімен аппарат кеңесін өткізді. Кеңесте «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Сырым Рахышев, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Бақытбай Шәди баяндама жасады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы қолданыстағы жолдардың жай-күйі мен қысқы маусымға даярлық жөнінде әңгімелей келе:

– Жыл басынан бері жолдарды салуға және жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттен 5,0 млрд теңге бөлінді. Қосшы қаласы мен Тайтөбе аулында төрт жоба бойынша биыл 35 шақырым жол мен тротуар жаңартылды. Бұл жұмыстарға қазынадан 4,3 млрд теңге қарастырылды,– деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қосшы қаласы мен Тайтөбе аулының көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 225 шақырымды құрайды. Оның 128 шақырымына асфальт, 62,2 шақырымына табиғи қиыршық тас пен шақпатас төселіп, 34,8 шақырымына топырақ жабындысы жабылған. Сырым Тұрлымбекұлының айтуынша, қазіргі күні қаланың 16,4 шақырымдық ішкі жолдарының 3-кезектегі құрылысын жүргізу жобасы жасалған. Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарының шарты бекітілген. Жобаның бас мердігері болып «АБК Автодо НС» ЖШС тағайындалды. Аталған жоба бойынша биылғы оқу жылында жаңадан пайдалануға берілген екі мектепке ұзындығы 2 шақырым кіреберіс жолдар салынды. Сондай-ақ 1,8 шақырымдық жолға жөндеу жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйым бүгінге дейін 2,5 млрд теңгенің жұмыстарын атқарды. Үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. Тайтөбе ауылында да ауқымды жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Жол салу мен тротуар құрылысына 1,0 млрд теңге бөлінді. Есепті мерзімге дейін бас мердігер «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС 8,0 шақырым жол төсеп, тротуар салды.

– Қосшы қаласының көше-жол желісін жобасына (2-кезек) 300,0 млн теңге бөлінді. «Атырауинжстрой АИС» ЖШС оның 4 шақырымын салып бітірді. Одан бөлек, қаланың ішкі жолдарын күрделі жөндерден өткізу жобасына 1,7 млрд теңге қарастырылды. Жоба мердігері «АБК Автодо НС» ЖШС 16,7 шақырым жолды жөндеді. Сонымен бірге Қазбек би көшесінен Әлия Молдағұлова көшесне дейінгі аралық аумақта Жамбыл Жабаев көшесін салу жобасы бекітілді. Оның бюджеттік ұсынымы «Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-ға жолданды,– деді Сырым Рахышев.

Бүгінде екі жобаны әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды. Оның бірі –«Лесная поляна» тұрғын үй алабынан а/д Р-3 (Қарқаралы шоссесі) дейін көше салу жобасы бойынша шағын ауданға қосалқы кіреберіс және шығаберіс жолдарының құрылысы қарастырылған. Бұл көше болашақта Ж.Жабаев көшесіне барып тіреледі, ал ол жол қаланың орталық бөлігімен жалғайды. Аталған құрылыс Республика көшесіне түсетін көлік жүктемесін әжептәуір сейілтуге қауқарлы болмақ. Екінші жоба – қалаішілік жол салудың 1-кезегі бойынша қашықтығы 15,5 шшақырым көше-жол желісі құрылысы қарастырылған және ол жұмыстар бұған дейінгі жобаларда қарастырылмаған көшелерді де қамтиды.

– Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылы жолдарының ағымдық жөндеулері мен күтімі, жол қозғалысын реттеу құралдарын орнату және қолдануға беру үшін облыстық және жергілікті бюджеттен 878,2 млн теңге бөлінді. Елді мекендердің 17,3 шақырымдық көше жолдарына ұсақ және қиыршық тастар төселді. Бұл жұмыстарға 153,2 млн теңге жұмсалды,– деді С. Рахышев.

Сондай-ақ Қосшы қаласының жол-көлік қозғалыстарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында облыстық және жергілікті бюджеттен 2023 жылы 302,5 млн теңге қарастырылған. Қалада 6 бағдаршам салынып-жаңартылды. Шаһарда орналасқан 12 бағдаршам нысандарына күн сайын техникалық қызметтер көрсетіліп тұрады. Қаладағы жол белгілері де қалыпқа келіп қалды. 264 жол белгісі орнатылды. Атап айтқанда, Республика, Абай, Жамбыл Жабаев көшелері мен Лесная полянада жолдың 28 жасанды тегіссізсіздіктері (ИДН-ЖЖТ) салынды. Лесная поляна – Республика, Абай – Ғ.Әбсағитова, Республика Желтоқсан, Республика – № 1 Емхана, Республика – «Алтын орда» ТК көшелері бойындағы бес жаяу жүргіншілер өтпесіне проекторлар орнатылды. Ағымдағы жылы Қосшы қаласы жолдарының күтіміне 422,5 млн теңге бөлінді. Оның ішінде жолдың қысқы мерзімдегі қар тазарту жұмыстары да бар. Қазіргі кезде жол жұмыстарын жүргізуге 20 техника сақадай сай тұр. Төтенше жағдайлар кезінде қосымша техникаларды жұмылдыру жайы да ойластырылған. Қар полигонын ұстауға қаржы қарастырылған. Қалаішіндегі жолдардың күтімімен екі компания күнделікті айналысады: «Универсал Сервис» ЖШС автомобиль жолдарының және жекеменшік сектордың жолдарын қарайды. «Мехсервис групп» ЖШС орамішілік, көпқабатты тұрғын үйлердің аула аумақтарының жай-күйіне жауапты.иЖыл басынан бері полигонға 6 000 м3 ірі көлемді қоқыс шығарылған. Ал енді тұрғындардың әлеуметтік жағдайына келетін болсақ, Біріккен Ұлттар ұйымының 1990 жылы желтоқсан айында өткен 45-сессиясында 1 қазан – Дүниежүзілік қарттар күні боп жарияланды. Сонымен қатар қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар күні болып белгіленген. Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бакытбай Шәдидің айтуынша, елімізде 1991 жылдан бастап жыл сайын аталып өтіп келе жатқан осы мерекелік күнге байланысты облысымызда дәстүр бойынша қыркүйек-қазан аралығында «Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды қолдау» айлығы жарияланған.

– Айлық барысында қаламызда тұрақты тіркелген және тұрып жатқан зейнетақысы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз (77 417 тг) және 1,2 және 3-топта мүгедектігі бар адамдарға бюджет қаражаты есебінен бір реттік әлеуметтік төлемдер төленіп, демеушілер мен жеке тұлғалардың бастамаларымен жан-жақты қолдау көрсетілді. Целиноград аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің ресми мәліметіне сәйкес, 1 қазандағы жағдай бойынша Қосшы қаласында осы санаттарға жататын 356 адам тіркелген, оның ішінде 126 адам ең төмен зейнетақы алады және 230 мүгедектігі адамдар бар, – деді Б.Шәди.

Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірде қабылданған «Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, Ұлттық мереке 25 қазан - Республика күніне орай аталған санаттағы азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 17 250 теңге көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған. Әлеуметтік төлемдерге жалпы сомасы 7 млн теңгедей қаражат жоспарланды. Әлеуметтік қолдау аясында зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға санаторийлік курорттық емделуге шығарған шығындарының 35%-ы мөлшерінде өтемақы төлеу көзделген. Жыл басынан бері бұл көмек түрін жалпы 24 адам алса, айлық шеңберінде 9 зейнеткер қамтылды. Сондай-ақ 32 қарт адамға демеушілік көмек көрсетіліп, 224,0 мың теңге сомасына әлеуметтік пакеттер таратылды. «Аружан плаза» мейрамханасында 160 қарт адамға 360 мың теңгеге мерекелік дастархан жайылды. «Аналар кеңесі» қоғамдық бірлестігі 55 мың теңгеге Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен оған теңестірілген қарияға және 3 тыл еңбеккеріне азық-түлік себеті түрінде сый-сыяпат жасады. «ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқыққорғау органдарының академиясы» мемлекеттік мекемесінің басшылығы тірек-қимыл аппараты шектеулі 1 топтағы мүгедекке және 3-топ мүгедектігі бар жалғызбасты адамға 20 мың теңгеге азық-түлік себетін сыйлады. Сол сияқты қалалық мәслихат депуттары тарапынан Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында тұратын 51 қарияға жалпы сомасы 499,8 мың теңгеге азық-түлік көмегін көрсетілді. Бакытбай Шәди өткен жылы бюджет есебінен әлеуметтік қолдаумен тек 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар қамтылса, қолданыстағы әлеуметтік көмек көрсету қағидалары бойынша үстіміздегі жылдың сәуір айында енгізілген өзгерістерге сәйкес, 3-топтағы 100-ден астам адамға да көмек көрсетілгенін айтты. Қосшы қаласында тұрып жатқан, зейнетақылары төмен зейнеткерлердің саны да өткен жылмен салыстырғанда екі есе артып отыр. Бұл тенденция алдағы жылдары да сақталады деген болжам бар. Қорыта айтқанда, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды қолдау айлығы шеңберінде барлығы 7 800 мың теңге сомасына 607 адам қамтылған Қосшы қаласы әкімдігінің аппарат кеңесінде мұнан басқа да ағымдық мәселелер қаралды.

Дәулет АСАУ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *