Жол саласының ардагері 70 жасқа толды

Жаңалықтар
view 166
news

Жол-құрылыс саласының және мемлекеттік қызмет ардагері Геннадий Васильевич Долгих 70 жасқа толды. «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК филиалына жол-құрылыс саласының ардагері Геннадий Васильевич Долгих арнайы қонаққа келді. Филиал директоры Талғат Қайратхан ардагерді жолшылардың қызметімен және олардың қызметіндегі жаңалықтармен таныстырды. Геннадий Долгих филиал ұжымымен кездесу барысында өзінің еңбек жолы туралы айтып, құнды кеңестерімен бөлісті. Соңында Талғат Қайратхан ардагерге Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің алғыс хатын табыс етті. Филиал атынан естелік сыйлық та ұсынылды.

«Автожолдың әр шақырымын салу - ауыр, күрделі және қажырлы еңбек. Бұл күш пен зейінді қажет ететін үлкен жауапкершілік. Менің ойымша, аймақтың инфрақұрылымдық дамуы жолшылардың жұмысына байланысты екенін бір сәтке де ұмытпауымыз керек. Біздің жұмысымызда әрқашан артықшылықтар мен кемшіліктер де болады. Жол-құрылыс саласын одан әрі жетілдіру және дамыту үшін жұмыс істеуіміз керек», - деді Геннадий Долгих.

Геннадий Васильевич Долгих – жол-құрылыс саласының ардагері. Ол өмірінің біраз бөлігін автомобиль жолдарына, оларды жөндеуге және салуға арнады. Жылдар бойы ол Ақмола облысының автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасының бастығы болды. Соңғы жылдары зейнет демалысқа шыққанға дейін Геннадий Васильевич «Ақмолжоллаборатория» РММ басқарды, ол бүгінде ҚР ИИДМ жол активтері сапасы Ұлттық орталығының Ақмола филиалы болып қайта құрылды. Геннадий Васильевич-көптеген жобаларды жүзеге асыруға қатысқан өңірдің еңбек сіңірген жолшыларының бірі, облыс жолшыларының бірыңғай командасының жұмысын жүйелі басқара білген біртуар маман десек қателеспейміз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *