"Жолдан көлік тоқтатып Семейге кеткен": Абай облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Сурет: интернеттен
Абай облысында 26 мамырда жоғалып кеткен 30 жастағы қыздың денесі табылды – жолдан көлік тоқтатып, Семейге бет алған қыз сол күннен бері хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Janabastau.kz Telegram-дағы Alash news арнасына сілтеме жасап.
30 жастағы Динара Досымбекова Бородулиха ауданындағы Ауыл стансасынан көлік тоқтатып, Семей қаласына қарай кеткен. 1 маусымда кешке жақындары жоғалған қызды табуға ақпараттық көмек сұрап, ақпараттық арнаға жүгінген. Ал полицияға 2 маусымда хабарлаған.
"2024 жылғы 2 маусымда "102" арнасына Бородулиха аудандық полиция бөліміне "Ауыл" стансасының 59 жастағы тұрғыны хабарласып, 26 мамырда 1994 жылы туған қызы Динара Досымбекованы табуға көмектесуін сұраған", - делінген Абай облысының полиция департаменті өкілдері берген түсінікте.
Сол күні Instagram-дағы volontery_semey_lider.kz парақшасында қыздың қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланды. Кейін бұл ақпаратты полиция растады. Ведомство өкілдері қазір қыздың неден қайтыс болғаны анықталып жатқанын хабарлады.
Пікірлер (0)