«Жұлдыз босанғанда да бару керек еді»: келіндерін бөлектеген Гүлзира Айдарбекова сынға ұшырады

Жаңалықтар
view 259
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Продюсер келініне арнайы жазба жариялап, перзентханаға барғанын да көрсетті. Ол парақшасында немересін құшағына алған сәттен фото бөлісті.

Алайда желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың келіндерін бөліп-жарып отырғанын айтып, сынға алды. 

Қайраттың қызына неге осылай бармадыңыз?», «Жұлдыз туғанда да бару керек еді», «Мың жерден алтын болса да, Жұлдыз жаман болса да Қазақстанға жар салып, бөлектеудің не керегі бар?», «Шіркін, Жұлдыз босанғанда осылай құттықтап салғаныңызда ғой», «Келіндеріңізді неге бөлесіз? Жұлдыз туған Қайраттың қызы, немереңіз құттықтауға лайықты емес пе? Жазсаңыз, бәрін жазыңыз немесе ешқайсысын жазбаңыз», «Жұлдызды да осылай құттықтауы керек еді, – деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *