Жұмыс істемей, бала баққан ата-аналарға жақсы жаңалық

Жаңалықтар
view 105
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстан Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Әзімова бала күтімімен айналысқан ата-аналардың уақыты еңбек өтіліне қосылуы керек деген ұсыныс айтты. Бұл туралы ол 26 маусымда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.

 "Әлеуметтік кодекске жұмыс істемейтін ата-ананың жас балаға тікелей күтім жасаған уақытын еңбек өтілі ретінде есептеу мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Сонымен қатар, қазіргі әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, кейбір азаматтық санаттарға әлеуметтік қорғау тәсілдерін қайта қарау қажет," — деді Әзімова депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Осы ұсыныс қабылданса, жұмыстан тыс бала бағып отырған аналар мен әкелер үшін бұл кезең де зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынуы мүмкін. Қазірге дейін еңбек өтілі тек ресми жұмыспен қамтылған уақытпен өлшеніп келген еді.

Бұл бастама әсіресе көпбалалы аналар мен бала күтіміне байланысты үйде отырған ата-аналар үшін үлкен қолдау болмақ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *