«Жүрсін көзіне жас алды»: Алтынбек Қоразбаев ел естімеген естелігін айтты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 103
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Қазақстанның Халық Әртісі Алтынбек Қоразбаев Қазақстанның Халық Жазушысы Жүрсін Ерманмен бірге КСРО Халық Әртісі Асанәлі Әшімовке арнап ән жазған сәтін еске алды, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі  Alash.kz. сайтына сілтеме жасап.

Осыдан он жыл бұрын Асанәлі ағадан рұқсат сұрадым. «Аға, сіз туралы бір ән жазсам» дедім. «Алтошка, жаза ғой» деді. Менің атымды атамайтын, «Алтошка» дейтін. Соған үш жылдай дайындалдым. Үш жылдан кейін ән дайын болған сияқты болды. Содан бірден телефонды алып, Жүрсінге қоңырау соқтым. «Әй, Жүрсін, есіңде ме? Мен Асанәлі ағаға уәде беремін. Сол ән дайын болды» дедім. Ол мені балағаттады. «Ой, үш жыл адам ән жаза ма екен. Үш жылда опера немесе бірнеше үлкен симфония жазуға болады ғой. Недеген сұмдықсың!» деді. Жобасы, ырғағын беріп едім. 20 минуттан кейін қоңырау шалды. «Алтеке, дайын болды» деді.

Ет-жүрегің елжіреп кетеді. Әнінен сөзі артық деп айтар едім. Асанәлі аға өмірі ән айтпаған ғой сахнада. Осы әнді жазып біткеннен кейін Асекеңді ертіп келіп, студияма кіргізіп, 40-50 минуттa жазып шықтық. Жүрсіннің өзі отырды. Тіптен, тыңдап отырып, Жүрсін көзіне жас алды. Өзінің сөзіне өзі риза болғаны ғой. Жүрсінді «от жүректі ақын» деп айтар едім.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *