Жындыханаға тапсырам, қуана бас тартамын: Туған анасынан безген ұл мен келін әжейді үйден қуып, ұрып-соққан (ВИДЕО)
Жаңалықтар
1694
Сурет: Ашық дереккөзден
Туған балалары анасынан безіп, бас тарту қағазын жазды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай “Дау-дамайсыз” бағдарламасында жария етті.
Қалдыбике апайдың үш ұлы бар екен. Екеуі басқа жақта, ал қолында болған ұлы келіншегімен бірге апайды ұрып-соғып, үйден қуып шыққан. Қалдыбике апайдың айтуынша, қазір барар жер, басар тауы болмаған соң, жанашырлық танытқан өзімен жасты бір әжейдің үйіне келген.
Баласы анасынан қуана-қуана бас тартатынын айтып, қарттар үйіне тапсыратынын мәлімдеді. Оның пайымдауынша, анасының миында ақау бар, жындыханаға да апарғанын жасырмады.
Пікірлер (0)