Қосшыда таза қазақ тілінде білім беретін алғашқы мектеп ашылды

Редакция таңдауы
view 209
news

Салтанатты ашылу шарасына Ақмола облысы мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов және Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлы қатысып, құрметті ұстаздар қауымына, ата-аналарға және оқушыларға алғашқы білім күнінде сәттілік тіледі.

Айта кетейік, мемлекеттік тілде білім беретін 1200 орындық мектептің құрылысы 2020 жылдың 4 тоқсанында басталған. Құрылысқа тапсырыс беруші – Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Құрылысты "Астана-Көктем" ЖШС жүргізді. Жалпы ауданы 20357 мың шаршы метр болатын мектеп ғимараты 3 қабаттан, 6 блоктан тұрады. Оқу кабинеттерінің саны – 50. Химия, физика, биология, технология кабинеттері, қажетті жиһазбен толықтай жабдықталған. 384 орындық асхана, 600 орындық акт залы, ауданы 520 шаршы метр спорт залы, метал, ағаш, мата өңдеу шеберханалары, алғашқы әскери дайындық кабинеттері жұмыс істейді. Білім ошағының аумағында футбол және баскетбол алаңы бар. Мектепке 1-4 сынып аралығында 318 бала, 5-9 сыныптарға 248 бала, 10-11 сыныптарға 24 бала қабылданған. Барлық қабылданған оқушылар саны – 590 оқушы. Оқушылар саны тағы көбейеді деп күтілуде.
Оқи отырыңыз: Қосшы қаласында үш ауысымдық білім беру толықтай жойылды!

Жаңадан ашылған екі мектепке Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы негізінде жаңа білім беру ұйымын ашу кезінде, сондай-ақ оқушылардың белгілі бір контингенті жаңа білім беру ұйымына көшу жағдайында оқушы орындарының тапшылығы, осы сыныптарда сабақ берген және сыныптық басшылықты жүзеге асырған педагогтерді жұмысқа орналастыру конкурстық рәсімнен өтпей-ақ ауыстыру тәртібімен жүргізілетіндіктен Қосшы қаласындағы №2 орта мектебінің педагогтары ауыстырылды.

Дәулет АСАУ

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *