Танымал әнші сахнадан түсіп, көшеге шықты – бұл қадам нені білдіреді?

Жаңалықтар
view 191
news

Сурет: Ашық дереккөзден

"Қойшы бала" лақап атымен танылған Айдос Кәден арбатта ән орындап, көпшіліктің назарын өзіне аударды, – деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Ауылдағы қарапайым өмірден сахнаға көтерілген талант иесі бұл жолы да көрермендерді бейжай қалдырмады. Бұрын продюсерлерімен жұмыс істеген әнші енді өз бетінше тойларға шығып, арбатта өнер көрсетіп жүргені байқалады.

Әлеуметтік желілерде әншінің көше орындаушысы ретінде әрекеті қызу талқыға түсті. Бірі бұл қадамды қарапайымдылық пен шынайылықтың белгісі деп бағаласа, енді бірі “сахнадан түсіп, көшеге шықты” деп сынайды.

Желі қолданушылары былай пікір білдірген:

  • "Ай балам-ай, жүре бермедің бе, Жігердің қасында?"
  • "Сүйреген адамдардың қадіріне жетпей далада қалды."
  • "Құтырып кетіп еді, жерге түсіпті ғой."
  • "Не болды, арбаттан бір-ақ шықтың ба?"
  • "Өте жылтыр бала."
  • "Жаманның жетіскені жаман."
  • "Абыройы жоқ бала болдың ғой."

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *