Зейнетақы шотындағы қаражатты тіс емдеуге алу 15 қыркүйектен бастап тоқтатылады

Жаңалықтар
view 89
news

Сурет: Ашық дереккөзден

 Отбасы банк зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану өтінімдерін қабылдауды уақытша тоқтатады.

Отбасы банк 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасы арқылы зейнетақы жинағының артық бөлігін тіс емдеуге пайдалану жөніндегі өтінімдерді қабылдауды тоқтататынын хабарлады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.

Банк мәліметінше, 15 қыркүйекке дейін берілген өтінімдер әдеттегі тәртіппен қаралады.

Сонымен қатар, Отбасы банк зейнетақы қаражатын тіс емдеуге пайдалану өтінімдерін қайта қабылдау мерзімі туралы қосымша хабарланатынын мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *