"150 миллион теңге шығынды өзім төлеймін": Қыдырәлі Болманов
Сурет: Ашық дереккөзден
Танымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болман өзі құрған “Ұлытау” этно тобының жеке шығармашылық кешін бермек. Бұл туралы әнші өзінің instagram парақшасында жариялады. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды.
“Ұлытау” тобының мерейлі мерекесіне арналған мега-шоуын жақында тамашалай аласыздар. “Нағыз қазақ – домбыра” дегендей, “Ұлытау” да – домбыра. Дәстүрлі күйлерімізді әлемге насихаттаған бірден-бір мықты креатив топ. Үлкен стадионды толтырды”, – деп қысқаша тарихына тоқталды.
Одан кейін продюсер концертке жұмсалатын қаражаттың да есебін берді.
“Техникаң ай болса, көңілің де жай болады. Жанды дыбыста болғасын, техниканың сапасы өте маңызды. Дыбыс аппаратурасы мен жарыққа қатты мән бердік. Кәсіби мамандарды шақырып, заманауи техникамен жабдықтадым. Концерт шығын 150 миллион теңгені өзім шығардым. Жағдайы жоқ, бірақ ұлттық өнердің жанкүйерлеріне 4 мың билетті тегін тараттық. Үкіметтен бір тиын алмадым. Концерт жасау ешқашан арзан болған емес”, – деп жазды продюсер.
Пікірлер (0)