19 жастағы жігіт жаңа туған сәбиін өлтірді: нәресте орманда көз жұмды

Жаңалықтар
view 66
news

Сурет: Ашық дереккөзден

19 жастағы жігіт өз сәбиін орманда қалдырып, оның өліміне себеп болды. Қайғылы оқиға туралы Janabastau.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Alash.kz порталы -на сілтеме жасап. 

Тергеу деректеріне сәйкес, жігіт 15 жастағы қызбен бірге сәбиінен құтылу жоспарын құрған. Қыз сауда орталығының дәретханасында босанған. Босанғаннан кейін нәрестені жігіт алып кетіп, оны орманға апарып, сол жерде тастап кеткен.

Бірнеше күннен соң нәрестенің денесі табылды. Сараптама нәтижесінде оның өліміне гипотермия (тоңу) мен дегидратация (сусыздану) себеп болғаны анықталды.

Сот үкімімен 19 жастағы жігіт 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал баланың анасы кәмелет жасқа толмағандықтан, куәгер ретінде жауап беріп, жазаға тартылған жоқ.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *