Қазақ болу үшін әке қажет емес пе? Конституциялық сотқа ұсыныс түседі
Сурет: anatili.kazgazeta.kz
Қазақстанда баланың ұлтын анасы жағынан белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл бастама қоғамда қызу талқыға түсуі мүмкін. Тиісті мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет кулуарында көтерді, деп хабарлайды janabastau.kz Skifnews.kz -ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта баланың ұлты ресми түрде әкесі жағынан жазылады. Алайда бұл жүйенің әділетсіз тұстары бар. Мәселен, қандас мәртебесін рәсімдеу барысында анасы қазақ болғанымен, құжат бойынша ұлты көрсетілмеген азаматтар қиындыққа тап болуда.

«Бұл мәселе бойынша біз Конституциялық соттың нақты ұсыныстарын қараймыз. Бұрын баланың ұлты тек әкесі бойынша белгіленіп келді. Бірақ бұл – бұқаралық ақпарат құралдарында көтерілген өзекті мәселе. Қандас мәртебесін рәсімдеу кезінде бір қыз анасы – қазақ екенін айтып, өз ұлтын қазақ ретінде дәлелдеуге мәжбүр болды. Сондықтан біз бұл мәселені Конституциялық Сотпен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе қарастырамыз. Себебі бұл – Ішкі істер министрлігінің құзырына жататын мәселе», – деді Светлана Жақыпова.
Ол бұл бастама тек қандастарға ғана емес, Қазақстан азаматтарының барлығына қатысты болуы мүмкін екенін де атап өтті.
Министрлік бұл мәселені заңнамалық және әкімшілік тұрғыдан жан-жақты саралап, тиісті ұсыныстар әзірлемек.
Бұл қоғам тарапынан кең пікірталас тудырған жаңалық болды
Оқи отырыңыз

Пікірлер (0)