2024 жыл: Ұлу жылы қандай болады
Редакция таңдауы
1237
Қазақтың жыл санауы бойынша 2024 – Ұлу жылы кіреді. Ал әр жылдың өзіне тән мінезі, ерекшелігі бар.
Жыл қайыру
Қазақта жыл қайыру, яғни санау 12 жылдан тұрады. Ол жылдарды ата-бабамыз бір мүшел деп білген. Бір мүшелдің жылдары 12 түрлі аң мен жануардың атымен аталған.
Бірінші – тышқан жылы, екінші – сиыр, үшінші – барыс, төртінші – қоян, бесінші – ұлу, алтыншы – жылан, жетінші – жылқы, сегізінші – қой, тоғызыншы – мешін, оныншы – тауық, он бірінші – ит, он екінші – доңыз жылы. Әрбір жануардың жылы наурызда кіреді.
Әр мүшел аяқталып, екіншісі басталғанда, он үшінші жыл тағы да тышқаннан саналып, есеп қайта ашылады. Бірінші мүшел – 13 жас, содан кейін 12 жылдан қосыла береді.
Әрбір жылдың өзіндік мінезі бар
Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ХV ғасырда жазған «Шипагерлік баян» кітабында жыл атауларына өз сипттамасын берген.
Зерттеушілердің айтуынша, ежелгі көшпенділер хайуандық күнтізбені қытайлардан қабылдап алған көрінеді. Алайда бұл күнтізбе толығымен көшірілмеген, оның өзіндік ерекшеліктері бар.
Мәселен, Қытайда Маймыл жылы, көшпенділерде Мешін жылы деп аталады. Ал Айдаһар жылының Ұлуға айналуы туралы екі болжам бар. Қай уақытта да ауа райына тәуелді көшпенділер көбіне жазы қуаңшылықпен, қысы жұтпен есте қалған Қоян жылынан кейінгі жылға жауын-шашын мол болсын деген ырыммен сулы жерде өмір сүретін ұлудың атын берсе керек. Екінші болжам бойынша айдаһар қытай тілінде «лұн» деп аталады екен. Ұлу сөзі осы «лұн» сөзінен шығуы мүмкін.
Ұлу жылының ерекшелігі
Ұлу суда жүретін болғандықтан, бұл жылы құрғақшылық болмайды. Жыл тыныштықпен, береке-молшылықпен өткен. Түркі жұрты, оның ішінде қазақтар да ұлу жылы астық, шөп мол болады деп жорамалдаған. Соған қарағанда бұл халық үшін жайлы, жұмсақ жылдар қатарынан орын алса керек. Кей жылдары ұлу да жайсыз келіп отырған. Оған Бейімбет Майлиннің «Ұлу» деген өлеңі (1917) дәлел болады.
Ұлу келіп көтерді елдің обалын,
Мал жұтатып, сынын алды қораның.
Нақ ұлудай ұлытқан жоқ қазақты,
Атышулы былтырғы өткен «қояның».
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс, Қазақстандағы байлардың мүлкін тәркілеп, өздерін Сібірге жер аударған 1928 жылғы голощекиндік кәмпеске де Ұлу жылында болған.
Дегенмен, Ұлу жылы өте жайлы, жұмсақ жыл болып есептеледі. Стихиялық белгісі – ағаш. Бейбіт өмірді сүйетін, жайлы, тыныштықты жаны қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі. Кемшілігі – тез ренжігіш, қырсықтау келеді.
Ұлулар туралы қызықты деректер
Ұлулар соқыр және саңырау. Олар тек жарық пен қараңғылықты ғана ажыратады. Ал бір-бірімен жанасу арқылы байланысады. Ұлулар орташа есеппен 15 жыл өмір сүреді.
Қызықты деректер:
Сумақы – тышқан. Маңғаз – сиыр. Айбар – барыс. Секем – қоян. Сумаң – жылан. Тұлпар – жылқы. Иіртек – ұлу. Шопан – қой. Мешін – мешін. Айтақ – ит. Шақырауық – тауық. Қорысқы – доңыз, - деп жазды ол.
- қолайсыз жағдай кезінде 6 айлық ұйқыға кете алады;
- бір минуттың ішінде 7 сантиметр қашықтықты жүріп өтеді;
- ұрпақ қалдыру үшін серіктес қажет емес;
- өз салмағынан 10 есе ауыр затты тасымалдай алады;
- ұлудың етіндегі ақуыз мөлшері тауықтың жұмыртқасынан көп;
- тістерінің саны кез келген акуладан көп;
- өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, шешім қабылдай алады;
- ең үлкен түрі – австралиялық ұлу, салмағы – 40 келі, ал ұзындығы – 30 см-ге дейін жетеді.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)