2026 жылдан бастап шетелден әкелінген көліктердің бағасы күрт көтерілмек
Фото: aikyn.kz
Қаңтарда шетелден әкелінген көліктердің бағасы бірден 4%-ға пайызға көтерілу мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
Құн салығына байланысты
Авто сарапшылардың айтуынша, шетелден келген көліктердің күрт қымбаттауы қосымша құн салығының 16%-ға өсуімен байланысты. Сол себепті Қазақстанда жиналған темір тұлпарлардың құны өз қалпында қалуы тиіс дейді. Өйткені отандық көліктерді саудалағанда оларға қосымша құн салығы жоқ. Дегенмен нарықтағы сұранысқа байланысты ол да қымбаттайды деген болжам бар.
Сарапшылар не дейді?
Салықтың өсуі бірінші кезекте Қытайдан кіріп жатқан көліктерге әсер етеді. Себебі қазір жекеменшік тұлғалар көбіне сол мемлекеттен заңды, көлеңкелі жолмен де тасып жатыр. Ресми дүкендеріндегі баға да қымбаттайды. Бірақ екінші нарықтағы, яғни айдалған машиналардың да, Қазақстанда жиналған көліктердің де құнына салық еш әсер етпейді, – дейді сарапшы Алексей Алексеев.
Пікірлер (0)