Петербор радиосын басып алған қазақ Ресейден шығарылды

Жаңалықтар
view 69
news

Фото: svtv.org

Радиода соғысқа және Путинге қарсы сөз сөйлеген Нұрлан Акинжанов Ресейден Қазақстанға депортацияланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Петербор радиосын басып алған қазақ Кремльге қарсы тосын үндеу жасады

 

Санкт-Петербург сотында қазақстандық азаматтың соғысқа тікелей қарсы пікір білдірмегені айтылған. Алайда полицейлер оны «пацифистік көзқарасты білдіруші» деп бағалаған. Бұған дейін сотқа келмеген Акинжанов Ресей армиясына қатысты жалған ақпарат айтуы бойынша 30 мың рубль (шамамен 200 мың теңге) айыппұл төлеген.

 

Құзырлы органдар енді оның Ресейден Қазақстанға депортацияланғанын мәлімдеді. Ол Ресейде тамыз айынан бері жүрген. Басылым дереккөздері Акинжановтың бұған дейін мәжбүрлеп психиатриялық ауруханаға жатқызылғанын да хабарлады.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *