27 жастағы блогер суицид жасады
Сурет: ғаламтордан
Алматыда 27 жастағы қыздың өлімінің мән-жайы анықталып жатыр,- деп хабарлайды Janabastau.kz.
"НеМолчиKZ" қоғамдық қоры алматылық 27 жастағы блогердің өлімі туралы хабарлады. Қордың мәліметінше, қыздың мәйітінің жанында ер адамның аты-жөні жазылған хат табылған.
“НеМолчиKZ қорына 27 жастағы Айлуна Рахим есімді қыздың достары хабарласты. Олардың айтуынша, қыздың ата-анасы болмаған. Ол SMM-де жұмыс істеп, қамқоршы әпкесінен бөлек тұрған. 11 маусым күні кешкі сағат 19:00-де оның денесі өзіне-өзі қол жұмсау алдында жазылған хатпен бірге табылды. Ол бір жігітті кінәлайды. Жан-жақты тергеу жүргізу қажет”, – делінген ақпаратта.
Марқұм Айлуна Рахим негізгі жұмысымен қатар әлеуметтік желілерде блог жүргізіп, ол өз өмірі туралы айтып, өзін-өзі дамыту және мотивация туралы ойларымен бөлісіп келген екен. Парақшасына 40 мыңға жуық жазылушысы бар. Ол сәуір айындағы соңғы жазбаларының бірінде соққыға жығылғандықтан айырылысқаны туралы жазған.
Алматы полициясы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сараптама тағайындалған. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.
Пікірлер (0)