Мұрат Әуезов дүниеден өтті

Жаңалықтар
view 293
news

Сурет: ашық дереккөзден

Жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезов өмірден озды,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық мәдениет басқармасы растады.

Өткен жылы 80-ге толған қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов қайтыс болды. 

 Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Әуезовтің 2 ұлы да артына өшпес із қалдырып кетті. Оның бірі реликті шағаланы зерттеген қазақтан шыққан тұңғыш орнитолог Ернар Әуезов болса, бірі осы Мұрат Әуезов. Мұрат Әуезовтің «Уақыт – аралық жіп»» (Времён связущая нить), «Ипокрена. Уақыт құдығына қарай қадам» сынды көлемді еңбектері бар. Ернар Әуезов 1995 жылы дүниеден озды. 

Бұл туралы Бигелді Ғабдуллин өзінің facebook парақшасына жариялады.

«Қаралы хабар келді. Ұлттың мақтанышы, көрнекті ойшыл ұзақ уақыт ауырып барып қайтыс болды. Мұрат Әуезов! Қош бол, ардақты Мұрат Мұхтарұлы!» деп жазды Бигелді Ғабдуллин.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *