“Жүйелі түрде ұрған”: Прокурор экс-әкім Ибрагимовке 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Сурет: ашық дереккөзден
Прокурор әйелін ұрды деп айыптағалған Атырау облысы Мақат аударынының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовке 2 жалға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады,- деп хабарлайды Janabastau.kz İnformburo.kz басылымына сілтеме жасап.
Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы күйеуі оны кішкентай балаларының көзінше бірнеше жыл бойы ұрған.
Атыраудың 2-сотында бұрынғы әйелін жүйелі түрде соққыға жыққаны үшін айыптап отырған Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовтың ісі бойынша жарыссөз өтті. Прокурор айыпталушыны 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.
"Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушы жасаған қылмыстың орташа санатқа жататынын ескере отырып, айыптаушы тарап жаза тағайындауды дұрыс деп санап, соттан сотталушыны кінәлі деп танып, оған ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрайды", – деді іс бойынша прокурор.
Жәбірленуші әділ шешім шығаруды сұрады. Үмбетқалиеваның айтуынша, күйеуі бірнеше жыл бойы қорлап, соққыға жыққан.
"Мұның бәрі кішкентай балалардың көз алдында болды, бұл олардың психологиялық жағдайына әсер етті. Осыған байланысты, әділетті шешім қабылдауды сұраймын. Атап айтқанда, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, бұл жаза оны түзететініне сенемін, оның толық оқшаулануы мен үшін және менің балаларым үшін маңызды”, – деп қосты Ақмарал Үмбетқалиева.
Бұл ретте күдіктінің қорғаушысы соттан оны толық ақтауды талап етті. Ринат Ибрагимовтың адвокаты айыптаушы тарап бұрынғы әкімнің кінәсін дәлелдеген жоқ деп есептейді.
"Мемлекеттік айыптаушы қандай әрекеттері үшін Ибрагимованы 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр? Істің мән-жайын жан-жақты, толық, объективті зерделеу қағидаттары бойынша мемлекеттік айыптаушы біздің қорғаушымыз Ибрагимовтың кінәсін дәлелдемей-ақ, жауапкершілікті сотқа жүктеген сияқты. Сіздің алдыңызда Ибрагимов қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айыппен жауап беріп жатыр, бірақ іс жүзінде оны жасамаған", – деді қорғаушы.
Адвокат тағылған айыптарды негізсіз және заңсыз деп атады. Ол ешқандай даусыз дәлелдер ұсынылмағандықтан, айыптаушы тараптың қорытындысы сотта объективті түрде расталмағанын айтты.
Пікірлер (0)