“5-6 айлық”: Дәретханадан шала туған нәрестенің мәйіті табылды

Редакция таңдауы
view 492
news

Фото: freepik

Бішкекте шала туылған баланың денесі дәретханадан табылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

20 ақпанда, сағат 9.57-де полицияға Киевская көшесіндегі ғимараттардың бірінің дәретханасында шала туылған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама келді. Нәрестенің бес-алты айлық екені айтылды.

Жедел іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары мәйітті тастап кеткен әйелдің жеке басын анықтады. Ол 25 жастағы жергілікті тұрғын екен. Әйел тергеу изоляторына қамалды.

Полицияның мәліметінше, тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *