Астанада өрттен құтылмақ болған ер адам 9-қабаттан жайма арқылы түспек болды

Редакция таңдауы
view 522
news

Сурет: Видеодан кадр

Астананың жаңа ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатында өрт шықты. Өрттен шығу жолы жабылған тұрғын бірнеше жайманы біріктіріп, 9-қабаттан төмен түсуге әрекеттенген, деп хабарлайды  janabastau.kz.

Алайда оқиға орнына жылдам жеткен өрт сөндірушілер автосаты орнатып, ер адамды балконнан құтқарып, медициналық қызметкерлерге тапсырды.

Құтқарушылардың айтуынша, тұрғынның мұндай әрекеті аса қауіпті болған, өйткені биіктен құлау қаупі жоғары.

Қазіргі таңда өрттің себептері анықталуда. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды өрт кезінде сабырлық сақтап, құтқарушылардың нұсқаулығын орындауға шақырады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *