Роза Рымбаева Моңғолияға ұшып кетті
Фото: instagram.com/rozarymbaeva
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны Моңғолия зор құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Әнші бұл елге жай ғана емес, шағын гастрольдік турмен аттанған.
6 ақпанда Роза Рымбаева Баян-Өлгий аймағының музыкалық-драма театрында өнер көрсетті, ал 8 ақпанда оның концерті Улан-Батордың Орталық мәдениет сарайында өтеді.
"Глагол" басылымының жазуынша, 1982 жылдың тамыз айында Роза Рымбаева "Меридиан оттары" фестиваліне қатысып, БАМ-да (Байкал-Амур магистралі) өнер көрсеткен. Ол Тында қаласында төрт концерт берген, соның бірі қалалық стадионда өткен.
"Әрине, мұнда өнер көрсетуге жағдай керемет деп айта алмайсың, бірақ бастысы бұл емес. Артист үшін ең маңыздысы – көрерменнің қабылдауы. Ал сіздердің қабылдауларыңыз – ұмытылмас... Алып істер атқарып, қалалар, көпірлер, жолдар салып жатқан жандардың алдында өнер көрсету – үлкен жауапкершілік. Артистер мұндай еңбектің тынысын сезініп, оны көруге міндетті", – деп бөлісті ол журналистерге берген сұхбатында.
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)