№6 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Асылжан Тоғас Асылжанұлы
Сайлау
109
№6 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат
Асылжан Тоғас Асылжанұлы
Қымбатты жерлестер!
Мен, Асылжан Тоғас Асылжанұлы 1977 жылы бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданы Емелтау елді мекенінде дүниеге келдім.
Еңбек жолымды Астана қаласы №38 мектеп-лицейінде ұстаздық етуден бастадым.
Білімім – жоғары, 4 баланың әкесімін.
Қосшы қаласында 15 жылдан астам тұрып келе жатырмын.
Осы жылдар ішінде Қосшы қаласындағы шешімін күткен мәселелермен әбден қанықпын. Депутат – халық сенімін арқалаған тұлға болғандықтан, сайлаушылардың сенімін иемденіп, мәртебелі мандатқа қол жеткізсем Қосшы қаласындағы өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға еңбектенетін боламын.
Алға қойған мақсаттарым:
I ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ
– Билік пен қоғам арасындағы диалогты қалыптасуына;
– Саяси биліктен тәуелсіз сот жүйесінің ықпалын арттыруға;
– «Жер кодексінің» талаптарына сәйкес жерді игеретін шаруаларға беруге;
– Суармалы бау-бақшалық жерлерді игеруге қолдау көрсетуге;
– Жастар бастамаларын барынша қолдай отырып, олардың жұмыспен қамтылуына үлесімді қосамын.
II МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ
ҮСТЕМДІЛІГІН АРТТЫРУ
– Мемлекеттік тілді дамыту, қолдану. 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы іс-шараларының орындалуына, өркендеуіне;
– Мемлекетік және жекеменшік білім ордаларында тілдік ахуалдың қалыптасуына;
– Қаладағы нысандар атауларын тілдік нормаға сәйкес заңды тұрғыда орындалуына;
– Қала көшелерінің бойына тілге қатысты ұлағатты сөздердің ілінуіне, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыруға атсалысамын.
III ҚАЛАМЫЗДЫҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ
ҮЛЕС ҚОСУ
– Орталықтандырылған жылу, ауыз су, кәріз жүйелерімен толықтай қаламызды қамтуға, шалғай жатқан көшелерге де жетуіне;
– Өрт сөндіру қызметінің қаламызда ашылуына;
– Жылы аялдамалар санын арттыруға, ғаламтор желісінің сапалы болуына;
– Тозығы жеткен көлік жолдарының сапасын жақсартуға, және көшелерді жарықтандыруға;
– Балалар мен жастарға, сондай-ақ қарттардың бос уақытын тиімді өткізу үшін ойын алаңқайларын, дене шынықтыру құрылғыларын салдыруға, сонымен бірге ардагерлерге арналған клубтардың ашылуына;
– Отырғызылған орман алқаптарының күтілімі мен сақталуын қадағалауға, саябақ жобаларының іске асырылуына және тал көшеттерінің отырғызылуына талап қоямын.
Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Асылжан Тоғас Асылжанұлына респуликалық бюджет есебінен төленді
Пікірлер (0)