№10 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Дүйсенбай Тұрғынбекұлы Өміржанов

Сайлау
view 122
news

№10 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Дүйсенбай Тұрғынбекұлы Өміржанов Мен, Өміржанов Дүйсенбай Тұрғынбекұлы 1958 жылы 18 тамызда Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Егіндіғол ауылында дүниеге келгенмін. Егіндікөл орта мектебін бітірген соң, 1974 жылы Целиноград құрылыс техникумына оқуға түсіп, оны 1977 жылы аяқтадым. 1980 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтының сырттай бөліміне оқуға түсіп, оны 1986 жылы ойдағыдай бітірдім. 1981-1984 жылдары М.Мәметова атындағы кеңшарда аға прораб, 1984 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград совхоз- техникумында аға прораб (Ә.Қосшы) қызметін атқардым. 1992 жылы Қосшы ауылында құрылыс материалдарын шығаратын «Меруерт» ЖШС ашып, Қосшы елді мекенін көгалдандыру, инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамытумен белсенді түрде айналыстым. 2007-2016 жылдары Целиноград аудандық мәслихатының төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты болдым. «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Целиноград облысына 85 жыл» медальдарымен және аудан, облыстың бірнеше мәрте «Құрмет грамоталарымен» марапатталдым. 2020 жылдан «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қоғамдық бірлестігі партиясының мүшесімін. Аудандық «Ауыл» партиясы филиалының төрағасымын. Алты бала тәрбиелеп отырған әкемін. Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары! Осы күнге дейін жинаған өмірлік және кәсіби тәжрибемді қоса отырып, округ тұрғындарының айтқан мәселелері мен ұсыныстарына негізделген сайлауалды бағдарламамды ұсынамын: 1. Қосшы қаласындағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысының сапасы мен мерзіміне жіті бақылау онатылсын. 2.Қаланың ескі бөлігінің көшелеріне (Қалиев көшесі, Жабаев көшесі, С.Рахимов көшесі,т.б.) көшелерді жарықтандыру және асфальт жолдар салу бойынша қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілсін. 3. Ең алдымен балалрымыз бен қаладағылардың барлығына арналған спорт кешені, қала тұрғындарының демалуы үшін алаңдар мен бульварлар салуға қол жеткізу. 4. Көшелерді ірі габаритті техникадан босату мәселесін бір мезгілде шеше отырып, оны қоятын жері жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың жүк көліктері мен арнайы көліктері мен басқа да техникалары үшін тұрақ жер телімін бөлуге қол жеткізу. 5. Қаладағы инертті материалдарды(құм, саз, топырақ, қиыршық тас) сатуды ретке келтіру мәселесін шешуге қол жеткізу, құрылыс нысандарының сәулеттік келбетін сақтай отырып, өздігінен пайда болатын, «тұйық» деп аталатындарды жабу шараларын қабылдау. Қосшы қаласы, оларға жеке жер телімі бөлінуін қолға аламыз. 6. Майболақ көшелеріндегі заттарды санитарлық және өрт-техникалық нормалардың талаптарына сәйкес ретке келтіру. 7. Қаланың біртұтас сәулетіне қол жеткізу үшін көшелердің сыртқы келбетіне бақылау орнату. 8. Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша, жұмыстарды ұйымдастыру үшін арнайы қоқыс орындарының жеткілікті санын және бөлек контейнерлерді орналастыруға қаражат бөлуге қол жеткізу. 9. Көлік жолдарымен (жаңбыр, қар және көктайғақ сияқты) маусымдық қалалық проблемаларды сатып алу (қаланың саябағын толықтыру) немесе арнайы техниканы жалға алу үшін қаражат сұрату арқылы шешу. Әсіресе, қала шетіндегі шалғай көшелер.

Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Дүйсенбай Тұрғынбекұлы Өміржановқа респуликалық бюджет есебінен төленді

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *