№8 Сайлау округі бойынша Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сахария Баянды
Сайлау
145
№8 Сайлау округі бойынша Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидат
Сахария Баянды
Мен, Сахария Баянды 1985 жылы 23 қазанда дүниеге келдім. 2003 жылы Ақмола облысы, Аршалы ауданы №2 орта мектебін аяқтадым. Екі жоғары білімім бар. Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агро-техникалық университетіне түсіп, 2008 жылы аяқтадым. 2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін мәдени тынығу жұмысын ұйымдастырушы мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолым 2008 жылы өзім білім алған С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да басталды. Қоғамдық кәсіптер факультетінде 2014 жылға дейін жұмыс жасадым. Осы жылдар ішінде жастармен жүргізілген жұмыс өмір жолыма үлкен тәжірибе берді.
2010 жылдан бастап Астана қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Көңілді тапқырлар театры, Әзіл әлемі» театрында редактор сценарист болып қызмет істедім.
2017 жылдан 2022 жылға дейін «Kaznet Solution» ЖШС-нің қоғаммен байланыс және әлеуметтік жобалар бойынша директордың орынбасары қызметін атқардым.
Республикалық теле арналарда көптеген тележобаларда продюссер сценарист болдым. Еліміздегі ірі-ірі мәдени-әлеуметтік жобаларды ұйымдастырдым.
Қазіргі таңда Қосшы қаласы Мәдениет үйінің директорымын.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің «Құрмет грамотасы» марапатталдым. Үйленгенмін, 4 балам бар.
Сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың жарлығымен қала статусын алған Қосшының басты байлығы – халқы! Елорданың іргесіндегі болашағы зор Қосшыны мекен етіп еліміздің түкпір-түкпірінен келушілердің саны күн санап өсуде.
Қосшы тұрғындарының жайлы және қауіпсіз қалада өмір сүруін қамтамасыз ету - біздің бірінші міндетіміз болмақ. Осы тұста мен Сіздерге «Жаңа қала – жаңа мүмкіндіктер» деген бағдарламамды ұсына келе, мынадай бірнеше бағыттарға басымдық бергім келеді:
• Қосшы қаласының ішкі көше жолдарын күрделі жөндеуге және абаттандыруға, жарықтандыруға;
• Жас кәсіпкерлерді барынша қолдап, мемлекеттік гранттардың көптеп бөлінуіне;
• Тарихи өлкетану мұражайының ашылуына;
• Туризм саласын кеңінен дамытып, жаңа форматтағы этноауыл кешендерінің салынуына;
• Түрлі қиындықтарға тап болған тұрғындарға көмек көрсету мақсатында «Отбасыларды қолдау және сүйемелдеу орталығының» ашылуына;
• Қосшы қаласынан Тайтөбе ауылына өтетін Сарқырама өзеніндегі көпірдің күрделі жөнделуіне;
• Қосшыда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында мектептердің салынуына;
• Балабақшалардың көптеп бой көтеруіне;
• Бұқаралық спорт үшін жағдай жасау мақсатында қалада спорт алаңдарын орнатуға және спорттық сауықтыру орталықтарының ашылуына;
• Қосшы қаласында мәдени және ойын-сауық орталықтарының салынуына ;
• Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ашылуына ықпал етемін!
Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Сахария Баяндыға респуликалық бюджет есебінен төленді
Пікірлер (0)