№11 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Еркін Найзағұлұлы Аяпов
Сайлау
162
№11 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат
Еркін Найзағұлұлы Аяпов
Мен, Еркін Найзағұлұлы Аяпов, 1984 жылы 2 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келдім. 2007 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын, 2005 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірдім. Мамандығым – заңгер, экономист. Еңбек жолымды 2005 жылы Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде инспектор болып бастадым. 2007-2008 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаментінде жетекші маман, 2008-2009 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Заңнама институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істедім. 2009-2011 жылдары Астана қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы болдым. 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Ernaiza Group» ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры болып қызмет етемін. Үш бала тәрбиелеп отырған әкемін.
Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары!
Мен сайлаушылардың сенімін ақтап, қалалық мәслихат депутаты деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, Қосшы қаласындағы мынадай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға тырысамын:
1. Қосшы қаласы тұрғындарын толғандырып отырған қоғамдық көлік пен жолдың мәселесін шешу. Қажет іс-шаралар: қала бойынша қоғамдық көліктер мәселесін тез арада шешуді талап етіп, жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін (ЖАТЭЖ) жетілдіру, орынтұрақ инфрақұрылымы және ақылы орынтұрақтар мәселесі, бір бағытты қозғалысты ұйымдастыру, қаланың жол-көше инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауларды тұрақты өткізіп, мәселенің тез шешілуін қадағалаймын.
2. Қосшы қаласындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау. Қажетті іс-шаралар: кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында жұмыссыздарға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға шағын кәсібін дамыту мақсатында қайтарым негізінде берілетін шағын несие түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсету. Шағын кәсіпкерлер ассоциациясын құру.
3. Қосшы қаласындағы тұрғын үй мәселесі. Тұрғын үй құрылысына белсенді инвесторлар тарту жолдарын ұсынамын. Жастарға, әлеуметтік топтарға арналған тұрғын үй құрылысын салуға ықпал етемін.
4. Қосшы қаласындағы Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне қолдау көрсету. Мектепке дейінгі бала тәрбиесі ата-аналар үшін маңызды мәселе. Баланың мектепке дайындығы, бала бақшадағы қауіпсіздігі қоғамды алаңдатады. Әсіресе, бизнеске негізделген жекеменшік балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік жасау жолдарын қарастыруға күш саламын.
5. Қосшы қаласындағы ұлттық спорт түрлерін дамыту және бұқаралық спортты қолдау.
6. Қосшы қаласындағы ветеринарлық және санитарлық бақылауды күшейту.
Қосшы қаласындағы мәселелерін шешу мақсатында қалалық маслихат депутаттарын сайлауына кандидат ретінде қатысуға шешім қабылдадым.
Бағдарламамда көзделген барлық мақсаттардың орындалуына кәміл сенемін.
Сіздерді 19 науырыз күні өтетін сайлауда менің кандидатурамды қолдауға шақырамын. Сайлауға қатысып қаламыздың болашағына дауыс беріңіздер!
Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Еркін Найзағұлұлы Аяповқа респуликалық бюджет есебінен төленді
Пікірлер (0)