№9 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қуатбеков Әлихан Жұманханұлы

Сайлау
view 79
news

№9 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қуатбеков Әлихан Жұманханұлы Құрметті қала тұрғындары, өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылдың 19 наурызында мажоритарлық жүйе бойынша барлық деңгейдегі мəслихаттар мен мəжіліске депутаттар сайлауы өтеді. «Amanat» партиясы мені №9 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат етіп ұсынды. Мен, Қуатбеков Əлихан Жұмаханұлы, 1961 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Қарабұлақ» ауылында дүниеге келдім. Жоғары инженерлікқұрылыс білімін алғаннан кейін еңбек жолын «Прибалхашстрой» тресінің автобазасында темір жол конструкцияларын жөнелту шеберінен бастап, содан кейін Қарағанды облысы, Балқаш қаласындағы «Балқаш автобазасы» бас инженері жəне бастығы болып тағайындалдым. 2003 жылдан – Балқаш қаласы əкімінің орынбасары болып қызмет атқардым. 2006 жылдың наурыз айынан бастап «Алматы» ауданы, Астана қаласы əкімінің аппаратында басшылық лауазымдарда жұмыс істедім. 2007 жылғы қыркүйектен бастап, Астана қаласы «Алматы» ауданы əкімінің орынбасары. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап, Астана қаласы тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы болдым. 2021 жылғы қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін, Ақмола облысы, Қосшы қаласының əкімінің орынбасарымын. 1995 жылы Қарағанды облыстық мəслихатының депутаты болып сайландым. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталдым. Үйленгем, үш бала тəрбиелеп отырмын. Біз өзара байланысты үш қағидатқа негізделетін жаңа мемлекеттік саясатқа көшеміз: ƏДІЛ МЕМЛЕКЕТ ƏДІЛ ЭКОНОМИКА ƏДІЛ ҚОҒАМ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ - БІЗДІҢ ОРТАҚ МАҚСАТЫМЫЗ! Қосшы қаласының көше-жол желісіне сапалы жөндеу жүргізуге: Қосшы қаласында мектептермен балабақшалар салуға; Мәдениет саласын дамытуға жастарды мәдениетке, шығармашылыққа дайындауға; Ұлттық спорт түрлерін дамытуға; Кәсіпкерлерді қолдауға және олардың дамуына; Қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға; Сумен жабдықтау, нөсер кəрізі, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау желілерін салуға; Жылу көзі мен жылу желілерін қайта құруға. ЫҚПАЛ ЕТЕМІН! Құрметті сайлаушылар! Біздің басты мақсатымыз – əділ Қазақстанды құру. Мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым. Егер Қосшы қалалық мəслихатының депутаты болсам, уəденің орындалуына күш саламын.

Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қуатбеков Әлихан Жұмаханұлына респуликалық бюджет есебінен төленді

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *