6 шілде – Астана күні
Қосшы жаңалықтары
222
Жасампаздықтың елордасы, тәуелсіз Отанымыздың бет-бейнесі бас қаламыздың 25 жылдығы құтты болсын!
Астана күні — әрбір қазақстандықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, жарқын болашаққа деген сенімін арттырады. Өйткені бұл қала қазақстандықтардың санаулы онжылдықта өз қолдарымен қалыптастырған бірегей туындысы. Шырайлы елордамызда бүгінгі күні жаһанның ең таңдаулы сәулет үлгілері топтасып, батыс пен шығыстың ғажайыптары тоғысқан. Бас қаламыздың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ шығар. Елордамыздың іргесінде орналасқан Қосшының Астанамен тағдыры ұқсас, тұрмыс-тіршілігі тікелей байланысты. Яғни, біздің даму жолымызда бас қала — бой түзейтін бағдаршам іспетті. Баршаңызды Астанамыздың ширек ғасырлық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақуатты тіршілік және баянды ғұмыр тілеймін! Құрметпен, Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Қуатбеков Әлихан ЖұмаханұлыОқи отырыңыз

Қосшы жаңалықтары
2028 жылға дейін Астана агломерациясы қалай дамиды

Қосшы жаңалықтары
Қосшыда көлік астында қалған екі жасар бала көз жұмды
Пікірлер (0)