Қосшы қаласы мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы өтті
Қосшы жаңалықтары
154
5 шілде күні Қосшы қаласы мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы өтті.
Мәслихат төрағасы Ә. Қуатбеков ашқан сессияға қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Күн тәртібі бойынша 2 мәселе қаралды.
1. Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 123/25-7 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
2. Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы №13/3-8 «Қосшы қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Алғашқы мәселе бойынша Қосшы қаласы әкімінің орынбасары А. Ибраева мәлімет берді. Шаһар бюджетін игеру бойынша енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы мәслихат депутаттары өз сауалдарын қойып, оған жауап берілді.
Сондай-ақ екінші мәселе туралы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Әсия Есенжанова баяндама жасады. Сессияның соңында мәслихаттың шешімі қабылданды.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)