Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін

Қосшы жаңалықтары
view 1415
news

2023 жылдың 4-20 шілде аралығында Ақмола облысы әкімдігі және «Отандастар қоры» КЕАҚ «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» халықаралық мәдени-рухани экспедициясын ұйымдастырады. Халықаралық автокеруен Мысыр елін билеген мәмлүктердің қолбасшысы, қыпшақ даласының ұлы перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы, қазақтың ұлы хандарының бірі, мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы Абылай ханның 310 жылдығына, алаш қайраткері, қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналып отыр. Сондай-ақ экспедиция мүшелері «Отандастар қоры» өткізетін Моңғолия қазақтарының кіші құрылтайы ауқымындағы іс-шараларға да қатысады.

Экспедицияның мақсаты – Қазақстан, Ресей Федерациясы және Моңғолия мемлекеттері арасын байланыстыратын экспедиция жасау арқылы, жоғарыдағы мемлекеттерде тұратын халықтардың біртұтас мәдениетін насихаттау, көшпелілер өркениетінің мұрасы мен сол елдердегі тарихи жәдігерліктермен танысу, қазіргі дәуірдегі қазақ-орыс, қазақ-моңғол халықтарының өзара достық, бауырластық байланыстарының тарихи негіздерін дәріптеу болып табылады. Ресей Федерациясы мен Моңғолия Республикасында тұратын этникалыққазақтармен рухани байланыс орнату, пікір алмасу, Қазақстан халқының тарихи-мәдени және руханимұраларын насихаттау назарда ұсталынады. Сондай-ақ қазақ даласынан шыққан тарихи тұлғаларды дәріптеп, олардың қайраткерлік, елдік істерін дәріптеу.

Сапар Қазақстан, Ресей және Моңғолия аумағындағы шамамен 9 000 шақырым жерді қамтиты. Көкшетау (Бурабай) – Астана – Павлодар – Бийск  – Горно-Алтайск – Кошагаш – Баян-Улгий – Ховд – Баянхонгор – Хархорин – Номғон – Уланбатор – Налайхан – Улан-Удэ – Иркутск – Красноярск – Новосібір – Омбы Көкшетау бағыты бойынша 20-дан астам адам барады.

«Бұл Халықаралық экспедиция елімізде тұңғыш рет өткен «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының жалғасы. Авто керуен«Абылай ханның қара жолын жаңарту» (2018), «Бетпақдала. Абылай ханның қара жолы»(2020), «Абылай ханның жорық жолдары, ҰлыДаланың ұлы тұлғалары» (2021) тақырыптарымен еліміздің оңтүстік, шығыс, өңірлерінде Мемлекет тарихы институтыменбірлесе отырып,  ғылыми-зерттеу жұмыстарынжүргізді. Экспедицияға Ақмола облысы әкімдігіқолдау білдіріп, «Бабалар рухына тағзым» қоғамдық қоры демеушілік жасады. Биыл сол экспедициямыз халықаралық масштабта сапарға аттанып, қазақ даласынан шыққан тарихи тұлғаларымыз Сұлтан Бейбарыс, Абылай хан, Мағжан Жұмабаев және тағы басқа қайраткерлерді дәріптеуді мақсат етіп отыр. Үш жүздің басын қосқан Абылай бабамыздың ел мен жерді сақтап қалудағы зор еңбегін паш етіп, оның халықаралық істердегі беделін насихаттауды мақсат етіп отыр. Шынында Абылай хан өз заманында көршілес Ресеймен ғана емес оңтүстігі мен шығысында жатқан Бұқар хандығы мен Шың империясымен де жақсы қарым-қатынаста болған. Сондықтан да үш мемлекетті қамтитын экспедиция жасау арқылы, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Моңғолияда  тұратын халықтардың біртұтас мәдениетін насихаттау, көшпелілер өркениетінің мұрасымен танысу, қазақ-орыс, қазақ-моңғол халықтарының өзара достық, бауырластық байланыстарының тарихи негіздерін дәріптеу біздің басты мақсатымыз болып табылады» - деді экспедиция жетешісі Мұратқажы Ыдырысұлы.

Экспедиция қатысушыларының саяхаты Ақмола облысының тарихи жерлері Бурабайдағы Абылай хан алаңы, «Ботай» археологиялық кешенімен «Бозоқ» тарихи-мәдени ескерткішінен бастау алады. Мұнан кейін экспедиция Павлодар облысында болып, «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, жергілікті тарихшы ғалымдар, өлкетанушылармен кездесу ұйымдастырады. Ресей Федерациясындағы қазақтар көп қоныстанған Қошағаш, Новосібір, Омбы шаһарларында болып,қазақ диаспораларымен кездеседі. Аталған қалалардың тарихи орындарына саяхат жасайды. Сондай-ақ Моңғолиядағы Баян-Улгий, Уланбаторқалаларындағы қазақтармен кездесуұйымдастырып, ұлы түркі мемлекетінің тарихиескерткіштері Білге қаған, Құтлық қаған, Күлтегін, Тоныкөк кешендеріне баруды жоспарлап отыр. Одан әрі экспедиция қатысушылары Алтай мен Саян тауларындағы сақ-ғұн, көне түріккезеңдеріндегі тарихи ескерткіштер мен тарихиорындарға саяхат жасайды.  Жоспар бойынша автокеруен 20 шілдеде Көкшетау қаласында аяқталады.

Экспедиция барысында Уланбатор қаласында Тілейхан Орынұлы атындағы Құрылыс университетінде «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» халықаралық конференциясын өткізеді. Экспедицияның ақпараттық қолдаушылары «Qazcontent» АҚ, «Хабар-24» телеарнасы және  Qazaqstan tarihy интернет-жобасы.

Жоба соңында экспедиция туралы деректі фильм және кітап дайындалады.  «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» Халықаралық мәдени-рухани экспедициясының мүшелері 1. Ыдырысұлы Мұрат – экспедиция жетекшісі, қоғам қайраткері (Көкшетау қ.)

2. Қайыркен Тұрсынхан Зәкенұлы – экспедицияның ғылыми жетекшісі, Е.А. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Жазушы (Астана қ.)

3. Хумарзах Алтынбек – жетекшісінің орынбасары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Qazcontent» АҚ Qazaqstan tarihy интернет-жобасының бас редакторы (Астана қ.)

4. Идрисов Канат Муратович – экспедиция жетекшісінің кеңесшісі (Астана қ.)

5. Садуақас Бибігүл БейсенбайқызыАқмолаоблыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері, тарихшы-ғалым (Көкшетау қ.)

6. Борашов Раббимкәсіпкер, өлкетанушы(Маңғыстау облысы, Бейнеу)

7. Борашева Айзадакәсіпкер  (Маңғыстауоблысы, Бейнеу)

8. Исмаганбетова Мунираөлкетанушы(Маңғыстау облысы)

9. Кульджатаев Маулетказы – ҚР Ұлттық спорт маманы, ұлттық спорттан халықаралық төреші(ШҚО)

10. Нуркин Дулат Жексенбайұлы – «Хабар24» телеарнасының бөлім басшысы, журналист (Астана қ.)

11. Жагиев Советхан «Хабар24» телеарнасыныңоператоры (Астанақ.)

12. Кандидат Рүстемұлы экспедиция нұсқаушыс(Алматы облысы, Талдықорған қ.)

13. Джакиев Талгатқоғам белсендісі, кәсіпкер(Маңғыстау облысы, Ақтау

14. Нашарбеков Амангельды – кәсіпкер (СҚО, Сырымбет)

15. Нашарбекова Алма – музей қызметкері (СҚО, Сырымбет)

16. Омар Әмір - (СҚО, Сырымбет)

17. Әпет Құралай Амантайқызытарихшы(Түркістан облысы)

18. Дәулетхан Мұхтархандәстүрлі әнші (Ақмолаобл.)

19. Батжан Тілеужанжүргізуші (Астана қ.)

20. Сыражанов Ергенсаяхатшы (Ақтау қ.)

21. Жангожаева Эльвира ТемирхановнаШ.Есеноватындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Халықаралық қатынастар жәнетуризм» кафедрасының меңгерушісі.

22. Мұрат Жұмахан, жас турист

Жасын Жолмырза

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *