6 жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Жаңалықтар
629
Сурет: Ашық дереккөзден
Қосшы қаласындағы тұрғын үйдің төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен 6 жасар бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға 16 шілдеде болған.
«Ата-анасы көз жазып қалған 2018 жылғы ұл бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Қазіргі кезде ол ауруханаға жатқызылды», – деді ведомствода.
Пікірлер (0)