Мемлекеттік сатып алуды дұрыс ұйымдастырмаған әкім жауапқа тартылды
Жаңалықтар
113
Алматыда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін ауданның бұрынғы әкімі жауапқа тартылды. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында жергілікті атқарушы органдар жіберетін заң бұзушылықтарды анықтады. Мысалы, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда сәйкес рұқсаттың (лицензия) болуына қарамастан, тапсырыс беруші (ұйымдастырушы) олардың конкурстық өтінімдерін негізсіз кері қайтарған. Егер олар конкурсқа жіберілгенде, 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге болатын еді.
Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін бұрынғы аудан әкіміне 9.2 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына 43.3 млн теңгеге 161 әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Пікірлер (0)