83 жасында жазаланбақ: атақты Амантай қажы екі жыл түрмеге қамалуы мүмкін

Жаңалықтар
view 416
news

Фото: 7kun.kz

83 жастағы Амантай қажы түрмеге кетуім мүмкін. Баспалдақтан бөтен әйелді итеріп жіберген қоғам белсендісінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Қария енді екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Todayinfo агенттігіне сілтеме жасап. 

Полицияның мәліметінше, ҚК-нің 107—бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ол жазада бір мың АЕК — ке дейін (2025 жылы 3 932 теңге—3 932 000 теңге) не түзеу жұмыстарымен, не қоғамдық жұмыстарға 600 сағатқа дейін тарту арқылы не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Алматы полиция департаменті аталған жағдайға қатысты Tengrinews.kz-ге жауап берген.

«Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот—медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу іс — шаралары кешенінің нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады», — делінген Алматы ПД жауабында

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *