Адам атып, бала ұрлаған: Талғардағы оқиғаның мән-жайы (ВИДЕО)
Фотосурет: видеодан скриншот
Ішкі істер министрлігі Талғарда ер адамды атып өлтіріп, 2 жасар қызды ұрлау ісі бойынша ресми пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Тергеуші мәліметінше, күдікті мен жәбірленуші бұрын жақын қарым-қатынаста болған.

Олардың арасында жанжал туындап, күдікті жәбірленушінің ағасына оқ атқан. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қылмыс жасалған соң күдікті кәмелетке толмаған баланы ұрлап, қашып кеткен. Оның жеке басы мен орналасқан жері анықталды, – делінген хабарламада.
Күдікті бірден ұсталып, қылмыс құралы – шолақ мылтық тәркіленді. Сондай-ақ 2 жасар қыз анасына табысталды. Оны дәрігерлер тексеріп жатыр.
Баланың ұрлануына қатысты Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, оған қазір психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр.

Сондай-ақ Алматы облысының балалар құқығы жөніндегі өңірлік уәкілі де оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, – делінген хабарламада.
Пікірлер (0)