«Адам өлтіру бабы бойынша сараланады»: Полиция Атырауда жоғалған төрт адамға қатысты мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 113
news

Фотосурет: istockphoto

Атырау облысында 4 адамның жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оның мәліметінше 25 желтоқсан күні төрт адамның жоғалғаны туралы ақпарат түскен сәттен бастап, кешенді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, екі немесе одан да көп адамның жоғалуы адам өлтіру бабы бойынша сараланады. Осыған байланысты қазіргі уақытта жоғалған отбасының орналасқан жерін анықтау және оларды табу мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүзеге асырылуда, - дейді Садықов. 

Тергеу аясында барлық медициналық мекеме, оның ішінде жекеменшік клиникалар да тексеріліп жатыр.

Сонымен қатар жоғалған адамдардың ұялы телефондарынан сигналдар Қазақстан аумағында бірнеше рет тіркеліп, қосылып-сөндірілгені анықталды, соңғы тіркелген дерек Шымкент қаласында болған.

Іздестіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оған Ішкі істер министрлігінің мамандары да жұмылдырылды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта аталған отбасының кіші қызы мен күйеу баласының шет мемлекетте жүргені анықталды. Алайда туыстары олардың жоғалуына байланысты арыз түсірмеген. Соған қарамастан, құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *