Айнұр Тұрсынбаева ажырасқан соң тойға да шақырмай қойғанын айтты

Жаңалықтар
view 1000
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал әнші, коуч Айнұр Тұрсынбаева ажырасқан соң қандай қиындықты бастан өткергенін алға тартты, деп хабарлайды  janabastau.kz Malim.kz-ке сілтеме жасап.

2016 жылы Меккеге ауыр халде жеттім. Ажырасып, көп қарызға баттым. Дәл осы жерде домалап жылап жаттым. «Алла, мені берушілерден қылшы. Саған мені қуанту түк те емес» дедім. Бірақ дұғам қабыл болады деп ойламадым. Осылай сорлап қаламын деп ойладым, деді айтыскер ақын. 

Тұрсынбаева ажырасқаны үшін тойға да шақырылмай қалғанын айтты.

Кейде жол жүргенде тиын болса да үнемдейін деп пойызбен жүре беретін едім. Пойызда жолсеріктер танып, тегін шай мен тамақ беріп, мәз қылып қоятын. Бизнес бастайын десем, көк тиын жоқ. Тұрып жатқан пәтерден басқа сататын дымым жоқ. Айтыста қара тізімге кіргізіп тастаған. Қыз ұзатуға 200-300 мыңға шығып жүрдім. Оның өзінде ажырасқансың деп тойға шақырмайтын. Аяқтан тұруыма жеті жыл уақыт кетті. Жеті жылдың ішінде ақша жан-жақтан ағылып келе берді, деп жазды коуч-психолог. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *