Абай институты — қазақ мәдениетін шетелде ілгерілететін орталыққа айналады

Жаңалықтар
view 198
news

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толатынын атап өтті, деп хабарлайды janabastau.kz.

Президент осыдан бес жыл бұрын, Абайдың 175 жылдығына орай, Абай институтын құру жөнінде ұсыныс жасағанын еске салды. Бүгінде бұл бастама цифрлық платформа ретінде жүзеге асырылып, шетелдегі қазақ диаспорасы мен өзге де азаматтарға қазақ тілін үйренуге мүмкіндік беріп отыр.

Енді аталған жобаны Конфуций, Гёте, Сервантес институттары сияқты мәдени-ағарту мекемесіне айналдыру көзделіп отыр. Мұндай орталықтар Қытай, Түркия, Моңғолия және басқа да елдерде ашылады.

Президент Сыртқы істер министрлігіне, «Отандастар» қорына және Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Абай институты — қазақ тілі мен әдебиетін, ұлттық руханиятты әлемге танытатын маңызды алаң болуға тиіс.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *