Air Astana бұдан былай FlyArystan үшін сотта жауап бермейді

Жаңалықтар
view 179
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Бірқатар атышулы істерден кейін Air Astana өзіне меншікті компания FlyArystan үшін жауапты болудан бас тартты. Air Astana 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап FlyArystan-ға қарсы сот ісін жүргізуде жауапкер болып табылмайды. Бұл туралы әуетасымалдаушыға қарсы бірқатар атышулы істер бойынша талап қоюшылардың мүддесін қорғаған адвокат Данилхан Шағатаев айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ SMARTNEWS.KZ-ке сілтеме жасап. 

 – Маңызды жаңалық! Ақпарат тек азаматтар үшін ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар үшін де пайдалы болады. Бүгін сот отырысында «Air Astana» компаниясының өкілі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап FlyArystan сот процесіне тәуелсіз қатысушы болып табылатынын мәлімдеді. Ол нені білдіреді? Егер бұрын FlyArystan-ға қарсы сот даулары туындаған жағдайда, «Air Astana» компаниясына қарсы шағымдар берілсе, енді FlyArystan сотта жауапкер ретінде өз бетінше әрекет ететін болады, – деп хабарлады адвокат әлеуметтік желіде. Оның айтуынша, бұл FlyArystan-ды Air Astana-дан бөлу үдерісіне байланысты, ол енді FlyArystan үшін мүліктік жауапкершілік көтермейді. – Бұл жерде айта кететін жайт, егер сот дауы 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін қозғалса, онда Эйр Астанаға қатысты шағымдар бұрынғыдай қаралатын болады, – деп атап өтті Шағатаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *