Елімізде 60-тан астам әкім орынбасарына айыппұл салынды

Жаңалықтар
view 173
news

Сурет: gov.kz

Қазақстанда 60-тан астам әкім орынбасарына айыппұл салынған,  деп хабарлайды JANABASTAU.KZ SMARTNEWS.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Үкімет отырысында Экология министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

Ерлан Нысанбаев «ҚазақстанҒарышСапары» спутниктік суреттері заңсыз қоқыстарды анықтауға көмектесетінін хабарлады. Экология бөлімшелері шығып, әрбір жағдайды есепке алады, одан кейін оны жою туралы әкімдіктерге ұйғарым шығарылады, егер шара қолданылмаса, лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. «2024 жылы жалпы сомасы 9,4 млн теңгеге 164 лауазымды тұлға, оның ішінде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары деңгейіндегі 61 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды», - деді министр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *