Айсұлтан Назарбаевтың 4 жыл бұрынғы болжамы дәл келді

Жаңалықтар
view 230
news

Сурет: Ашық дереккөзден алынды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені марқұм Айсұлтан Назарбаевтың Трампқа қатысты айтқан болжамы орындалды, - деп хабарлайды  janabastau.kz Dalanews.kz материалына сүйеніп.

2020 жылы Айсұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында Дональд Трамп 2024 жылы екінші рет АҚШ президенті болатынын айтқан. 

"Трамп екінші рет президент болып, Америкада демократия жоқ деген шындық ашылады. Ол жерде бәрі ақшамен шешіледі! Трамп АҚШ тарихындағы соңғы президент болады. Бүкіл әлем ұлы державаның ыдырағанының куәсі болады", - деп жазған еді Айсұлтан Facebook парақшасында. 

Айсұлтан Назарбаев осы жазбасын жазғаннан кейін екі айдан соң қаза тапты. 

Еске салайық, бүгін АҚШ-тағы президент сайлауының алдын ала нәтижесі шықты. Америка Құрама Штаттарындағы президент сайлауының жеңімпазы - Дональд Трамп. 

Fox News мәліметінше, Трамп 277 дауыс алды, бұл оның президент сайлауында жеңіске жеткенін білдіреді.

The Hill басылымы да Дональд Трамп сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді. Трамп Пенсильвания мен Аляскада да көш бастаған.

Бұл деректерді соңғы нәтиже деп санауға болмайды, өйткені дауыс санау бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының меңгерушісі м.а. Жанат Момынқұлов Dalanews.kz-ке сұхбат беріп, сайлау нәтижелері туралы болжам жасады.

"Трамп әлемдік саясатта ойып тұрып орын алады. Оның үстіне қазіргідей дағдарыс, соғыс жағдайында оның іс-қимылы - бәрі өте маңызды. Бірақ Харрис қалған жағдайда Американың осы саясаты жалғаса береді. Қытайға, Ресейге, Иранға қатысты шектеу, тежеу саясаты жүреді.

Менің ойымша, Харристің жеңісіне қуанамыз. Ал Трамп келетін болса, Ресеймен қарым-қатынасындағы өзгерістер Орталық Азияға, бізге салқын әсер етеді. Бәрі айналып келгенде халықаралық жүйеге әсер етеді. Біз болжап болмайтын оқиғалар басталып кетуі мүмкін. Харрис Орталық Азияға жаңа бір көзқарас танытуы мүмкін, ол - Ақ үйдің маңындағы бюрократтардың өкілі, тұрақтылықтың "гарантиясы". Ал Трамп келсе, Украинадағы жағдай ұзаққа созылатын дауға айналуы мүмкін. Сондықтан, менің ойымша, Харристің келгені Қазақстанға тиімді. Орталық Азияға тікелей әсері болмаса да, шешімдері арқылы айналып келгенде әсері болады", - деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *