Айзаттың өлімі: күйеуі Айбар Жанболатқа сот үкімі шықты

Жаңалықтар
view 80
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованы өлтіру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Сот оның күйеуі Айбар Жанболатты кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылы 22 маусымда болған. Тергеу деректеріне сәйкес, 33 жастағы ер адам мас күйінде үйінің маңында әйелін ұрып-соғып, тепкілеген. Әйел тоқтатуды сұраған. Десе де күйеуі ұрып-соға берген.

Айзат есінен танып қалса да ұруды жалғасырған. Сот отырысында куәгерлердің айғағы мен айыпталушының кінәсін растайтын сараптама қорытындылары ұсынылды.

Сот-медициналық сарапшылар жарақаттардың өмірге қауіп төндіргенін мәлімдеді. Осылайша Айбар Жанболатқа "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылды. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *