Депутат Жигули Дайрабаев үкіметтің шаруасына араласпауға кеңес берген Еркебұлан Тоқтарды мақтады
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев «Adal ADAM» youtube арнасына берген сұхбатында көпшілікке үкіметтің шаруасына араласпауға кеңес берген актер, кәсіби ММА спортшысы Еркебұлан Тоқтарды мақтады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіден Еркебұлан (Тоқтар) деген актер жігіттің журналистің сұрағына жауап беріп жатқанын көріп қалдым. Журналист одан қымбатшылық, халықтың жағдайына қатысты сұрай бастады бұрқыратып. Актер жігіт байсалды, көзі ашық азамат екен. Оған риза болдым.
Ол айтты: «Сендер құр байбалам салмаңдар. Мен бүкіл халықтың жұмысына емес, өз жұмысыма жауап беремін. Үкіметтің жұмысында менің не шаруам бар, әр қазақстандық өзінің жасаған еңбегіне, ісіне лайықты ма, соны бағалай білейік» деді. Мен ол жігітті тауып алам. Өзімнің қабылдауыма шақырып, ақылдасқым келеді. «Асыл - тастан, ақыл – жастан» деген осы. Ол жігітке жас деп қарауға болмайды. Оны біреу жақтырар, біреу жақтырмас, азамат ретінде берген жауабына өзім өте риза болдым. Қазақстанда өмірге сергек қарайтын сондай азамат көп болса, біздің мемлекет оңалады, - деді Жигули Дайрабаев.
Пікірлер (0)