Әкесін ұрып өлтіру оқиғасы: ІІМ әйелдің де үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді
Фотосурет: видеодан скриншот
Қоғамда резонанс тудырған Түркістан облысындағы оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігі тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды JANABASTAUKZ ақпарат агенттігі Kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Түркістан облысындағы келеңсіз оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Ол кісінің әйелінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды. Оған да қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу уақытында олардың балалары туыстарының қолында тұрып жатыр, – деді ІІМ өкілі.
Айтуынша, қазір ведомство тергеу амалдарын қадағалап отыр. Толық тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданады.
Пікірлер (0)