Ақмолалық оқушы қоқыс жинайтын робот жасады
Редакция таңдауы
109
Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы Кузнецов Никита «Қоқыс жинаушы» роботын жасады,-деп хабарлайды Jańa Bastau газеті облыстық білім басқармасының баспасөз қыметіне сілтеме жасап.
«Бүгінде бұл тақырып өте өзекті болғандықтан мені қызықтырды. Планетаның ластануы қазіргі кезде үлкен мәселеге айналып отыр. Сондықтан мен информатика пәнінің мұғалімі Семенов Сергей Владимировичпен бірлесіп, елге және әлемге ластануды болдырмауға көмектесетін робот жасау жұмыстарын бастадым» – деп бөліседі Никита.
Бұл робот LEGO Spike платформасында жасалған. Ультрадыбыстық датчиктің көмегімен қоқысты жинайды. Содан кейін ол қозғалтқыштармен қоқысты қайта өңдейді. Осылайша, робот өндіріс қалдықтары мен табиғаттың ластануын азайтады.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)