Алаяқтарға алданып үйсіз қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады
Фото: Ашық дереккөзден
Елордада Досымжан Таңатаровтың кеші өткен. Пәтер кілті осы концерт үстінде берілген.
Былтыр Қазақстанның халық әншісі Нұрғали Нүсіпжановтың үйсіз жүргені туралы ақпарат тараған болатын. Осыны естіген астаналық кәсіпкер атақты әншіге екі бөлмелі пәтер кілтін тарту етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі! Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә. Бизнесмен кісіні танымадым, - деп жазды журналист Айнұр Омар.
Елордада Досымжан Таңатаровтың кеші өткен. Пәтер кілті осы концерт үстінде берілген.
Айта кетейік, былтыр Нұрғали Нүсіпжанов жер үй сатып алуға жинаған ақшасын алаяққа беріп қойып, бүгінде өзі пәтерде жүр екен деп айтқан еді.
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)