Ердоған Путиннің ұсынысын қолдады

Жаңалықтар
view 144
news

фотосурет: ашық дерккөз

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу мәселесін талқылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Ердоған әріптесі Путинге Стамбулда тоқтаған жерден Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің жалғасуына қолдау білдіргені үшін қуанышты екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Владимир Путин Украинаға тікелей келіссөздерді қайта жандандыруды және оларды Стамбулда өткізуді ұсынған болатын. Бұл ұсынысқа Украина президенті Владимир Зеленский оң көзқарас танытып, мұны «жақсы жаңалық» деп бағалап, алдағы оқиғалардан оң нәтиже күтетінін білдірген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *