ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫНА ЕСКЕРТУ
ФОТО
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери полиция басқармасының анықтау және іздестіру басқармасының бастығы Нұржан Келісұлы әлеуметтік желілерде жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов туралы тексерілмеген және жалған ақпарат таратқан азаматтарға қатысты материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша тіркелгенін хабарлады.
Оның айтуынша, министрдің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жарияланымдарды таратқан азаматтар анықталған.
Қазір оларға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Бас әскери полиция өкілі азаматтарды әлеуметтік желідегі кез келген ақпаратты таратпас бұрын оның дереккөзін және шынайылығын тексеруге, расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырады.
Ескерту: ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Сондықтан әлеуметтік желіде ақпарат бөліскен немесе таратқан кезде жауапкершілікті ұмытпаған жөн. Тексерілмеген ақпаратты таратпаңыз. Ақпараттың ресми дереккөздерге сүйенгеніне көз жеткізулеріңізді сұраймын.
Пікірлер (0)