Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар

Жаңалықтар
view 28
news

Фото: Ресми дереккөзден

1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұлайтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артындаадал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихиүлесі жатыр, деп JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнанастам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлікқұрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақытөлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісіәйелдер қауымына тиесілі.

Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жастыалқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолыөнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішіндееліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласындатұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасыныңортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығынабөленіп отыр.

Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны - ЗұлқарнайСейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик ЗұлқарнайСейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбекетті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялармен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградтықорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарыменмарапатталған.

Қазақстандық  ғасыр куәгерлерінің тағдыры - замандарсабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берікнегіз болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін баршааға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, баршаотандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр жәнеотбасылық береке тілейді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *